Реферат: Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі - Refy.ru - Сайт рефератов, докладов, сочинений, дипломных и курсовых работ

Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі

Рефераты по литературе и русскому языку » Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық Университеті


Техникалық факультет


Агроинженерия кафедрасы


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: « Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі»


Орындаған: Торгаутова Г.Ш.

12-ші топ

Тексерген: Қошқаров Н.Б.


Астана 2009-2010 жж.

Ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалану адамзаттың өзіне де келер болашақ үшін ең маңғызды мәселелерді бірі болып табылады. Сондықтан да оны пайдалану, іске асырудың небір оңтайлы жолдарын тауып, жүзеге асыру жер бетінде, оның ішінде Қазақстаннның ұлан –ғайыр территориясында тұрып жатқан Қазақстандық әр азаматқа тиіслі мәселе болып табылады.

Осы тақырыпқа байланысты келелі мәселелер еліміздің түкпір – түкпірінде, Парламент қаруында да орын алып отыр.


2008 жылғы 28 қарашада «Алтай» технологиялық паркінде «Семей-Туған Жер» өндірістік кооперативі «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» корпорациясымен берлесіп, Семей қаласының тұрмыстық қатты және оған теңестірілген өндірістік қалдықтарын қайта өңдейтін өндірістік кешені жобасының тұсаукесерін өткізілген жөнінде ақпарат тарату құралдарында баяндалған болатын.

Біздің өңірде тұрмыстық қатты және өндірістік қатты қалдықтарды сақтау жөніндегі ағымдағы жағдай проблемалық мәселелердің бірі болып табылады. Тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 3% құрайды, ол полигон алаңдарын ұлғайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, ТҚҚ полигоны метан, күкіртсутек, көмір қышқыл газын бөліп шығаратын көздер болып табылады, ол ауаны, топырақты және жер суларын ластайды. Бұл фактілер қоқысты қайта өңдейтін зауыт салу қажеттілігін растайды, қаладағы экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етеді.

Тұрмыстық қатты және оған теңестірілген өндірістік қалдықтарды қайта өңдейтін өндірістік кешен салудың жобасын іске асыру үшін автоматтандырылған қоқысты іріктейтін және қоқысты өңдейтін TGL-300 кешенін пайдалану жоспарланды, екінші сортты шикізат тауарларын шығару үшін пайдаланылатын құнды фракцияларды бөлумен қатты қалдықтар өндірісін іріктеуді және тұтынуды қамтамасыз етеді.

Технология қайта өңдеу және тұрмыстық қоқысты органикалық тыңайтқышқа, мал сүйектерін жем-жөп ұнына, құрылыс қоқысын жолдар жиегі үшін кірпіштер мен тастарға, металл сынықтарын металға, өңделген пластмассаны пластмасалық бұйымдарға, пайдаланылған автомашина шинасын стадионның жүгіріс жолын жабу үшін, макулатураны картон және целлюлоза шығару үшін мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, зауатты іске қосқан күнде қауіпті медициналық қалдықтарды жою проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, мал қорымын салу шығындарын болдырмайды. Зауытты жылу насостарының энергия көздерін пайдалану арқылы жылумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Осы кезеңде жобаның бастамшысы «Семей-Туған Жер» ӨК дара тұлға ретінде ТҚҚ жинайды, шығарады және оны көмеді. Жоба «Қазына Самұрық» Ұлттық Әл-ауқат Қорының қаражаты есебінен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ арқылы қаржыландырылады.

«Семей-Туған Жер» ӨК директоры, жобаның басшысы Р.С. Хазиповтың айтуынша осы жоба Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің белсенді қолдау көрсету арқасында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, кәсіпкер Өскемен қаласында ТҚҚ қайта өңдейтін қосымша линия ашуды көздеп отыр. Инвестициялық саясат бөлімінің қызметкерлерімен осы жобаны іске асыру үшін қаржыландырудың тетіктері мен тәсілдері бойынша ақпарат ұсынылды.

Сонымен, зауытты қолданысқа енгізудің негізгі артықшылығы ресурстарды үнемдеу, 100% өнімдерді пайдалану, кадрларды даярлау, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім-шарт бойынша жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, қосымша 435 орын ашу және экологиялық ахуалды жақсарту.

Екіншілікті ресурстарды пайдалану тиімділігіндегі қайта өңдеу технологиясының алар орны ерекше.

Біріншіден, қалдықсыз жұмыс жасауға қол жеткіземіз;

Екіншіден, ішкі ресурстарды үнемдей аламыз;

Үшіншіден, және ең маңыздысы, экологиялық жағдайымызды сәл де болса жақсарта аламыз.

Қайта өңдеу технологиясынсыз өндiрiстiк қалдықтың қоршаған ортаға келтiрер залалы шексiз. Керiсiнше жағдайда ол стратегиялық жағынан маңызды шикiзат көзi болып табылады. Алдымен сөз зиянды өндiрiске жататын улы қалдықтар жайында.

Оны айту үшiн амалсыз қалта телефонның нөмiрiне ұқсайтын цифр тiлiне жүгiнуге тура келедi. Мәселен, Балқаш металлургия комбинаты тәулiгiне 3,7 тонна мышьякты қалдық есебiнде шығарады екен. Бiр жылда бұл сан шамамен 1100 тоннаға дейiн өседi десек, табиғатқа қаншалықты зиян келiп жатқанын өзiңiз шамалай берiңiз. Оған елiмiз аумағында 56085,1 мың текше метрдi құрайтын уран өндiрiсiнiң қалдығы жатқанын қосыңыз. Ол аз болса, 24890, 34 гектар аумақты алып жатқан 21815439,05 мың текше метрдi құрайтын көмiр қалдығы тағы бар.

Оны да көпсiнбесеңiз, 9225,73 гектарды алып жатқан 2512240,27 мың текше метр түстi металл қалдығын қосып қойыңыз. Осылайша бүгiнде Қазақстанда 20 миллиард тонна қатты қалдық «қаттаулы» тұр десек болады. Қалдық сұйық, газды және қатты болып бөлiнедi. Оқымыстылардың пiкiрiнше, ең зиянды улы қалдыққа газды және сұйық қалдықтар жатқызылады.

Ал қоршаған ортаны қалдықпен ластауда бiрiншi орынды жылу энергетика саласы алса, екiншi орында – тау-кен металлургия кешенi тұр. Елiмiзде айнала қоршаған ортаны улап жатқан өнеркәсiптiк қалалардың көшбасшысы ретiнде жылына 800 мың тонна антигидрид – қалдық шығаратын Балқаш қаласын батыл атауға болады. Сондай-ақ өнеркәсiптiк қалдыққа толы жерлерге бiрiншi кезекте Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары жатады.

Ендi өнеркәсiптiк қалдыққа қатысты қайта өңдеу технологиясы қаншалықты iске асуда дегенге келсек, бұл орайда зардапты зияндылығы аздау қара металлургия қалдығын жол құрылысына пайдаланатын кәсiпорындарды, яғни Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын бiрiншi кезекте ауызға аламыз.

Сондай-ақ өндiрiс қалдықтарын игеруде минералдық ресурстарды кешендi өңдеудiң Ұлттық орталығының да атқарып жатқан игi iстерi баршылық. Керiсiнше түстi металлургия қалдықтарын өңдеу iсi өрге басар емес. Минералдық байлықты кешендi өңдеу Ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Мыңжасар Айсауытовтың айтуынша, «Қазақстанда қалдықпен жұмыс iстеуде шикi тұстар жетiп артылады.

Мәселен, заңдылық жағынан жетiлмеген, стратегиялық бағыты бұлыңғыр, тарифтiк және салықтық саясат қалыптаспаған дегендей. Нәтижесiнде өндiрiс орындарына қалдық өңдеумен айналысу ешқандай пайда әкелмейдi. Оның орнына кәсiпорындарға табиғат байлығын есепсiз ұрлай берген қолайлы. Сондықтан бұл мәселеде мемлекеттiк органдар шикiзат стратегиясына қатысты ұстанған бағытын қайта қарастыруы керек. Сонда ғана әкiмшiлiк және тарифтiк шараның әсерiмен жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге болады».

Қазiр елiмiздегi iрi қалалардағы жеке және заңды тұлғалардан, тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелерден күн сайын қаншама көлемде қатты тұрмыстық қалдықтар шығатынының есебiн ешкiм де бiлмейдi. Тiптi iрi мегаполис саналатын Алматының өзiнде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын шағын зауыттан басқа, оны өңдейтiн бiрде-бiр өндiрiс орны жоқ көрiнедi. Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментiнен бiлгенiмiздей, Алматыда қатты қалдықтарды өңдеу зауытын iске қосу жөнiнде жұмыс шаралары жаңа басталуда.

Елiмiзде өзге елдермен салыстырғанда табиғатты бүлдiрушiлерге қолданылатын заң жұмсақ, айыппұл салып қорқыта алмайсың. Мәселен, Еуропада қоршаған ортаға залал келтiргендерге барынша қатаң шара қолданылады. Салыстыру үшiн айтсақ, қоршаған ортаны бiр тонна ангидрид қалдығымен ластағаны үшiн ғана ондағы кәсiпорындар 98 доллар айыппұл төлейдi.

Ал Қазақстанда тура сондай бiр тонна ангидрид қалдығы үшiн кәсiпорындардың төлейтiн айыппұлы 7 цент қана. Арадағы айырмашылықты осыдан-ақ байқай берiңiз. Оның үстiне елiмiзде айыппұл көлемi әр аймақта әр түрлi, оның себебi, оны жергiлiктi мәслихаттардың белгiлейтiнiнде.

Осыдан кейiн «негiзiнде табиғаттың заңы бiр, адамзат баласына жер шары ортақ екенiн ескерсек, қоршаған ортаны ластағаны үшiн салынатын айыппұл көлемi жер шарының қай ел, қай түкпiрiнде болсын бiрдей болу керек» дейтiн табиғат жанашырлары мен оқымысты ғалымдардың пiкiрiне ерiксiз жүгiнуге тура келедi.

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылдың 12 қыркүйегінде Талдықорған қаласында Қазақстан Рсепубликасының Ауылшаруашылық министрлігі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктері және "ҚазАгро" АҚ Ұлттық холдингінің арасында ұлттық стартегиялық міндеттерді жүзеге асыру, Алматы қаласы мен Алматы облысы экономикасындағы агро өнеркәсіп саласында инновациялық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы көпжақты меморандум қабылданған болатын.

Бұл меморандумды қабылдаудың басты мақсаттары : қаланы ауылшаруашылық өнімдерімен жыл бойы қолайлы бағалармен, тұрақты түрде қамтамасыз ету, тағам өндіру және қайта өңдеу саласын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету арқылы дамыту және ішкі нарық сұраныстарын қамтамасыз етіп, сыртқы экспорт потенциалын дамыту. Алматы қаласының айналасында Азық-түлік белдеуін жасап, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-аухатын көтеру.

Екіншілікті ресурстарды пайдалануға байланысты жуырда үлкен отырыс өткізіп, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қоршаған орта эмиссиясының мөлшерлемесiн 65 пайызға ұлғайту және екіншілікті ресурстарды пайдалану жөнінде біраз оң шешеімдер қабылдаған болатын.

Олар өнеркәсiп, ауылшаруашылық, коммуналдық және көлiк кәсiпорындары төлейтiн қаражатты шынында да өңiрдiң экологиялық ахуалын сауықтыруға бағыттауға көмектесетiн тетiктердi ойластыруды қажет деп санаған жоқ. Халық қалаулылары, сондай-ақ, биылғы жылдың бюджетiн баяғыда-ақ бекiтiп қойған кәсiпорындар ендi қосымша қомақты қаржы iздестiрiп дал болады-ау деп те бас қатырмады. Мұның өзi кәсiпорындардың өз экологиялық жобаларын қаржыландыруды қысқартуына апарып соғары сөзсiз. Ал коммуналдық кәсiпорындар болса, қосымша шығындарды қиналмай-ақ тарифтерге қоса салуы мүмкiн.

43 депутаттың тек алтауы ғана бұл шешiмнiң салдарына ой жүгiрте алды. Қалғандары қарсыластарының уәжiн құлақтарына да iлген жоқ, олар үшiн ең бастысы – тартып алу, ал одан кейiн "Пұл болмасаң – күл бол". Әрине, "экологиялық" ақшаны ақылмен жұмсау үшiн артықшылықтар айқындалып, бiрiншi кезектегi мiндеттер атап көрсетiлген нақтылы iс-шаралар бағдарламасы жасалып, оны орындау тетiктерi белгiленуi керек едi. Алайда, мәслихат депутаттары өз қарауларына ұсынылған "2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортасын қорғау" өңiрлiк бағдарламасының бұл талаптарға сәйкес келетiн-келмейтiнiне де мұқият үңiлiп жатпады. Әйтпесе олар, мәселен, мынандай сәйкессiздiкке назар аударған болар едi: бағдарламаны жасаушылар күтiлетiн нәтиже ретiнде ластаушы заттардың атмосфераға таралуының жүйелi түрде азаятындығын атап көрсеткен, ал атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi шаралардан тек ЖЖМ сапасын бақылау мен мониторинг жүйесiн жасауды ғана қарастырған.

Бағдарламада Үлбi өзенiнiң ластануы Риддер маңындағы 1967 жылдан 1977 жылға дейiнгi кен үйiндiлерiне байланысты екендiгi айтылған. Бiрақ iс-шаралар жоспарында оны түзетудiң ешқандай жолдары қарастырылмаған. Демек, кен жұмыстары өндiрiсi мөлшерлемелерiн көтеру, тiптi, атамзаманнан бергi үйiндiлерге қатысты нақты экологиялық мiндеттi шешудiң өзiне жұмсалмайды деген сөз.

Бағдарлама авторлары бiрнеше бетте топырақ қабатының техногендiк ластануы мәселелерiн сипаттапты және қож, тағы да басқа өндiрiс қалдықтарын айтарлықтай көлемде қайта өңдейтiн 2003 жылдан берi оларды Өскемен металлургия кешенiнiң полигонында қоймалаудың орнына көбiрек кәдеге асырушы облыстағы жалғыз кәсiпорын "Казцинк" АҚ екендiгiн, оның өзi сонау Кеңес кезiнде жинақталып қалған қалдық тауарларын бiрте-бiрте жоюға мүмкiндiк беретiндiгiн мойындапты. Бiрақ жер ресурстарын қорғау жөнiндегi бөлiмде тек Жарма ауданында пестицидтердi және мазутпен ластанған топырақ қабатын көмуге, Өскемен тазарту ғимараттарының тұнба қалдықтарын төгуге арналған полигондар салу және Семейде құрамында сынап бар қалдықтарды демеркуризациялау учаскесiн құру ғана қарастырылған. Неге екенiн кiм бiлсiн, бағдарламаға барлық кәсiпорындардың мемлекеттiк органдардың сұранымы бойынша ұсынылған өз табиғат қорғау бағдарламалары кiрмеген. Облыстың табиғат пайдаланушылары бұл мақсаттарға айтарлықтай қаржы жоспарлады. Тек "Казцинк" АҚ ғана 2008 жылға 10 млрд.теңгенiң бекiтiлген жобаларын ұсынған.

Сөз жоқ, саябақтар құру, жасыл өскiндер алаңдарын ұлғайту немесе жабайы аңдар мен құстардың табиғи азықтану базасын жасау – қажет iс. Бiрақ негiзгi артықшылық өнеркәсiптi аумақтың экологиясына түсетiн техногендi жүктеменi азайтуға бағытталғаны тиiс қой. Оны кәсiпорындар өздерiнiң экологиялық бағдарламаларында қарастырып та отыр. Ендi қоршаған орта эмиссиясы үшiн төленетiн төлемдердiң күрт өсуi ол бағдарламалардың орындалуына қауiп төндiрмекшi.

Депутаттардың бiр бөлiгi мөлшерлеменi 100 пайызға бiр-ақ ұлғайта салуды ұсынған. Бiрақ содан кейiн өз есептерiн түсiндiрiп жатпай-ақ, Шығыс Қазақстан аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы өкiлiнiң ұсыныстарына мойын ұсынғандай болып, ол пайызды 65-ке дейiн азайтты. Тек халық қалаулыларының кейбiрi ғана: "Әлi де ойлана түсейiк, әуелi бұл шешiмнiң тиiмдiлiгiн болжап алайық" деп тоқтау айтты.

Бiз қандай коэффициент қолдансақ та көптеген жылдар бойы өңiрiмiзде қордаланып қалған мәселелердi бiрден жоя қоюымыз мүмкiн емес, – дейдi облыстық мәслихаттың Риддер қаласынан сайланған депутаты Михаил Шубин. – Өнеркәсiп орындарында қоршаған орта министрлiгiмен келiсiлген 2008 жылға арналған табиғат қорғау бағдарламалары бар. ҚОҚМ мен ШҚО қалалары әкiмдерi арасында экологиялық қызмет туралы меморандум жасалған. Олар облыс экологиясында басымдылыққа ие. Кәсiпорындарда 2008 жылдың жоспары мен бюджетi, шарттар жасалып қойылған, барлық әрiптестермен мөлшерлемелер, тарифтер келiсiлген. Мөлшерлеме коэффициентiн көтеру келiсiмшарттарды қайта қарауға әкелiп соғады. Содан барып өскен эмиссия ақысын төлеу үшiн бюджетке, оның iшiнде экологиялық шараларын қысқартуға тура келедi. Ал мұның өзi ендi-ендi дұрысталып келе жатқан экологиялық ахуалды нашарлатпаса, жақсарта қоймайды. Менiң ойымша, биыл базалық мөлшерлеменi қалдырып, мониторинг өткiзiп, кәсiпорындардың республика деңгейiнде онсыз да екi есе ұлғайтылған мөлшерлеме бойынша қалай жұмыс iстейтiнiн байқап көру керек.

Қоршаған ортаны қорғаудың өңiрлiк бағдарламасының қабылдануы құптарлық, бiрақ менi мөлшерлемелер қабылдау мәселесiнiң кеңiнен талқыланбай қарала салғаны таң қалдырады, – деп жалғастырды әрiптесiнiң ойын Серебрянск қаласынан сайланған депутат Виталий Иванов. – Бәрi облыста қордаланып қалған проблемалар туралы айтып жатыр. Ал егер кәсiпорындар экологияны жақсартуға өз қаржыларын бөлмесе өңiрiмiз қандай жағдайда болар едi? Бiз мөлшерлемелердi көтере отырып, көптеген кәсiпорындарды өте қиын жағдайға душар етемiз. Мен Серебрянск қаласынан сайланған депутат ретiнде жылда қала қазандығына қаржылай көмек керек деп қақсаймын. Бүгiнгi күнi қазандық онсыз да iлдебайлап әзер iстеп тұр, ал егер мөлшерлеменi көтерсек не болды? Оның төлемдерi екi есе көбейедi! Төлемдер тұрмыстық қалдықтар бойынша 10 еседен асып кетедi. Менiң ойымша, осының бәрi ерте ме, кеш пе тарифке енгiзiлiп, тағы да қарапайым халықты сорлатамыз.

Сөйлегендердiң парасатты пiкiрлерi халық қалаулыларының басым көпшiлiгiн ойландырған жоқ. Оның салдарына салақ қарады. Эмиссия үшiн төленетiн мөлшерлемелер бойынша ұсыныстар дайындаған комиссия кезектен тыс сессияға дайын шешiмдерiн ала келдi. Комиссия мүшелерi оны талқылауға өнеркәсiп орындарының өкiлдерiн шақырған да жоқ. Тiптi, облыс бюджетiне енгiзiлетiн түзетулер де дереу дайын болды, тек оның көлемiн ғана анықтау қажет екен. Сондықтан көпшiлiк депутаттар үшiн дауыс бере салу әншейiн көз алдау ғана едi. Алты адам "қарсы" дауыс берiп, 65 пайыз саны бәрiбiр қабылданды.

"Казцинк" жоспарлаған бағдарламаларға ендi қауiп төндi, – дедi "Казцинк" АҚ бас экологы Борис Колпаков жағдайды түсiндiре келе. – Шығыс Қазақстан облысында қалай десе де экология мәселесiнде шешушi рольдi iрi кәсiпорындар атқарады, соның iшiнде "Казцинк" те бар. Мен оны дәлелдеуге әзiрмiн. Мәселен, мәслихаттың сол сессиясында бекiтiлген өңiрлiк экология бағдарламада 2008 жылға барлық – республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттерден 2 млрд.теңге салынған. Ал "Казцинк" биыл экологияға 10 млрд.теңге бөлiп отыр. Қаржыны не үшiн шығындап отырғандығымызды және соның нәтижесiнде экологияға қандай тиiмдiлiк келетiнiн дәлелдеп келемiз. Ал өңiрлiк бағдарламаның нақты не берерiн көргiмiз келедi. Мәслихат шешiмi "Казцинк" алдына қойған мақсаттардың орындалуына қауiп төндiрiп отыр және өңiрдегi ахуалды өзгертедi. Мәселен, бiз биыл Риддер байыту фабрикасының мемлекет иелiгiндегi ескi қалдықтарын қайта өңдеуiмiз керек. Сонда оның қажетi жоқ па? Бiрақ бiз бұл iстi тоқтата алмаймыз, себебi мемлекетпен келiсiмшарт жасалған. Содан кейiн бұл қалдықтар ондаған жылдардан берi дайындалмаған алаңдарда жан-жағын түгелдей ластап жатыр. Оларды неғұрлым тезiрек өңдеп бiтiрсек, соғұрлым дұрыс болмақ. Ертiске құятын Үлбi өзенiн ластаушы кен үйiндiлерi де солай. Бiз тек өзiмiздiкiн ғана емес , сонымен қатар мемлекет үйiндiлерiн де тазаламақпыз. Бұл – бүгiнгi күнгi ең лас ағын. Облыстық бағдарламаны ашсақ, онда мұның №1 мәселе екендiгi жазылыпты, бiрақ оны қалай шешу керектiгi туралы бiр ауыз сөз жоқ.

"Казцинк" жоспарлаған бағдарламалар туралы ұзақ айта беруге болады. Бiз өндiрiстiк газдарды кәдеге жарату жөнiнде әлi талай қондырғы орнатамыз. Қолда бар екеудiң өзi салынып жатқан мыс заводын толық қамтамасыз ете алады, бiрақ бiз тазарту тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 7,4 млрд.теңгеге канадалық фирманың супертехнологиясымен тағы бiр цех салып жатырмыз. Осылайша тек 2008 жылы ғана 10 млрд.теңге қаржының экологиялық шаралары орындалмақ.

Өңiрлiк бағдарламаның түсiндiрме хатында жаңа мөлшерлемелер бойынша шамамен 3,2 млрд.теңге жиналатындығы айтылған, оның 1,2 миллиарды – "Казцинктiкi". Өте қызық жайт. Сол жазбаның соңғы сөйлемдерiн келтiрейiк: "Қолайсыз экологиялық жағдайды, қоршаған ортаны сауықтыруға айтарлықтай шығындар қажет екендiгiн ескере отырып, мәслихат белгiлеуге қолайлы мөлшерлемелер ұсынылады". Аталған құжатты жасаушылар тым болмаса комитеттегiлердiң басым көпшiлiгi кәсiби экологтар емес, ауыл шаруашылығының мамандары. Сөйте тұра бiлмеген нәрсесiн сұрап алудың еш сөкеттiгi жоқ едi.


Қорытынды


Әрине, "Табиғатты сүю керек" деген әдемi де әсерлi сөз. Бiрақ оны көңiл-күймен емес, нақтылы iспен дәлелдеу керек қой. Ал экологияны табиғат қорғау қызметiне қатысы жоқ мүлде басқа мiндеттердi шешу үшiн пайдаланудың зардабы аз болмас. Өкiнiштi-ақ!

Елімізде ресурстарды тиімді пайдалану, оның ішінде ең маңыздылардың бірі , еукіншілікті ресурстарды, яғни өңделген ресурстарды қайта өңдеп жарамдылыққа жаратудың маңызы аса зор. Сондықтан да оның екіншілікті ресурстарды тиімділігін арттырудың негізгі жолдарын тапқанымыз жөн.

Аталмыш ресурстарды тиімді және де оңтайлы пайдаланудың Республикамыздың экологиялық ахуалының жақсаруына тигізер пайдасы жетерлік. Әрі игі бастамасы десек болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

«Егемен Қазақстан» газеті №292, 05 қыркүйек, 2009 ж.

wwwrm.kz

«Түркістан» газеті №35 (789) 3 қыркүйек, 2009 ж.

www.kazeu.kz

stud.kz